"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Өрт сөндіру бөліміне Экскурсия мектеп жасына дейінгі балалардың өрт сөндіруші мамандығы туралы түсініктерін кеңейту, басқалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғайтын адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Экскурсия барысында балалар өрт сөндірушілердің еңбегімен, олардың арнайы техникасымен, жабдықтарымен және формасымен танысты. Оқушылар өрт дабылының қалай жұмыс істейтінін, өртті сөндіруге қандай машиналар мен құралдар көмектесетінін, өрттің алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігін білді. Балалар өрт сөндірушілерге сұрақтар қоюға, өрт сөндіру машиналарын қарауға, дулыға киіп көруге, сиренаның дыбыстарын естуге мүмкіндік алады.