"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

«Балапан» кіші тобы мен «Ертегі» ортаңғы тобының балаларына арналған «Үндестік» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесе отырып, «Бауырсақ» ертегісі бойынша театрландырылған қойылым өткізді.

Мұндай іс-шаралар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамытуға, эстетикалық және көркемдік талғамын қалыптастыруға, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді.