Рудный қаласы білім бөлімінің, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «№6 бөбекжай балабақшасы» КМК-ның тәрбиеленушілері медиа сауаттылық эксперименттік алаңының жұмысы аясында қаладағы №12-балабақшасындағы құрдастарына қонаққа барды.
Кішкентай журналистерді қызықтыратын мынадай сұрақтар болды: Қаламызда балалар үшін қандай жұмыстар атқарылды? Балалардың қандай құқықтары бар? Балалардың міндеттері қандай? Сіз барлық балаларды бақытты ету үшін не істер едіңіз? Барлық қызықты сұрақтарға жауап алған соң мектеп жасына дейінгі балалар «Досынан сәлем» атты қолдан жасалған конверттерді табыстады.
Жылы да ұйымшылдықпен қарсы алған достарымызға және №12 балабақша ұйымына алғысымыз шексіз.
https://ysad6-edu.kz/kz/zhanaly-tar/504-balalardy-amandy-y-aza-stanny-tabysty-bolasha-yny-senimdi-kepili.html#sigFreeIdb0999e9019