Ойын арқылы тіл үйрену
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік барынан қымбат» мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың парызы» деген болатын.
Балабақшамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты педагогтарға арналған іс-шара өтті.
Тәрбиешілерге асық терапиясына, «Асық әні» дене шынықтыру жаттығуларына қатысуға, қазақтың ұлттық ойындары «Бәйге», «Асық ату», «Арқан тарту» ойындарын ойнауға мүмкіндік берілді. Әр адам көптеген жағымды эмоциялар мен күні бойына заряд алды.
Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіреді, біртұтас Қазақстан халқының арасында тұрақты «Біз» сезімін қалыптастырады.
https://ysad6-edu.kz/kz/zhanaly-tar/502-ojyn-ar-yly-til-jrenu.html#sigFreeIdaadd452684