"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

«Балалық шақ елінде»

 

 

1 маусым күні дәстүр бойынша балабақшамызда бүлдіршіндерге арналған «Балалық шақ елінде» мерекесі дайындалып, өткізілді. Көңілді сайқымазақ «Клепа», Жаз балаларға қонаққа келді. Сайқымазақпен бірге балалар ойындарға, ерекше эстафеталарға қатысты, бұлтсыз балалық шақ туралы өлеңдер оқыды, спорт пен достық туралы әндер шырқады, би биледі.

Жаз да балаларға келіп, қызықты жұмбақтар мен тапсырмалар жазылған сиқырлы сандықты әкелді. Жаз балаларға түрлі-түсті қарындаштар, шарлар, сабын көпіршіктерін сыйлады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үлкен ынтамен асфальт жолға сурет салды, сабын көпіршіктерін үрледі. Суреттерде гүлдер, күн, аспан бейнеленген.

Балалар күні бойына көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, үлкен әсер алды!