Воскобовичтің ойындары көп функциялы. Мысалы, ойын («Игровизор», «Сиқырлы сегіздік») бір сабақта әріптердің бейнесін бекіту үшін қолданылады, ал келесі оқу аптасында сандар бейнесін бекіту үшін сол ойын ойналады.
Бұл оқу құралдары математика сабақтарында және еркін сабақтарда оқу процесін жеке де, топшада да ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Воскобовичтің танымдық ойындарын пайдалана отырып, біз балалардың математика сабағына деген танымдық қызығушылықтары тереңдеген, тұрақты және нәтижелі болған деген қорытындыға келдік. Мұндай ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін тапсырмалар шешіледі.
https://ysad6-edu.kz/kz/zhanaly-tar/432-voskobovichti-ojyndary.html#sigFreeId42d704c02b