"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Наурыз мерекесі қарсаңында балабақшамыздың барлық жас топтары қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарын көрсетуге белсене қатысты.

Балалар  «Атқа мінгізу», «Ат қою», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару» (40 күндік сәби), «Бесікке салу» салттарымен танысты.

Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.

Осы шараға атсалысқан барлық ұстаздар мен ата-аналарға рахмет.