"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Педагогикалық озат тәжірибе – балабақша жұмысының көрсеткіші.

 

Позитивті педагогикалық тәжірибе – бұл дәстүрлі тәсілдер негізінде заманауи талаптарға сай нәтиже алуға мүмкіндік беретін тәжірибе.

Рудный қаласы әкімдігінің «№6балабақшасы» КМҚК педагогтары Шепель О.С., Котлякова А.А., Жирнова О.В. педагогикалық жұмыс тәжірибесін қорытындылады. Ойлауды, есте сақтауды, қиялды, логиканы, жылдамдық пен ептілікті дамытуға бағытталған патриоттық, экологиялық, дене тәрбиесі бойынша дидактикалық ойындар ұсынылды. Алдағы уақытта  тәрбиешілер өз қорын қызықты авторлық ойындармен толықтырып, жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.