"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Рудный қаласы әкімдігінің  «№6 балабақшасы» КМҚК естияр жастағы балаларға арналған «Экологиялық жол» ойын-сауықтыру шарасы өткізілді.

Мектеп жасына дейінгі балалар экологиялық жолмен саяхат жасады, оның мақсаты - балалардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу және экологиялық мәдениеттің негізін қалыптастыру.Жолда  балалар  Жазбен кездесті. Ол көкөністер, жидектер мен жемістер туралы жұмбақтар жасырды; балаларға жауаптарды себетке жинап қою керек болды. Содан кейін Жаз балалармен жемістер мен жидектерден, көкөністерден нені жасауға болатынын түсіндірді. Ол көкөністер мен жемістерді сұрыптауға көмектесуді ұсынды. Саяхат аяқталды, біздің ойымызша, балалар бұл оқиғаны ұзақ есте сақтайды деп сенеміз.