Рудный қаласы әкімдігінің «№ 6 балабақшасы» КМҚК-да 1 – маусым балалық шақтың басты мерекесі - Балаларды қорғау күнін балабақша тәрбиеленушілері жылы қуанышты көңілмен және түрлі-түсті ойындарымен қарсы алды.
Тәрбиешілер бұл күні балаларға мерекелік атмосфера жасап, көңілді ойындармен, әндермен, билермен және флешмобпен қуантуға тырысты. Мереке асфальтқа түрлі-түсті қарындаштармен сурет салумен жалғасты. Балалардың салған суреттерінде табиғат көрінісі, отбасы мен достарын бейнелеулері көрінді. Барлық суреттер әр түрлі болды, бірақ оларды «Бақытты балалық шақ» тақырыбы біріктірді. Балалар көп әсер алды, бүлдіршіндерге күн бойы жақсы көңіл-күй сыйланды!
https://ysad6-edu.kz/kz/zhanaly-tar/316-ghnjmtnhfh45nry.html#sigFreeIdff8e3bb8a0