"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

      7 мамыр - мереке, Отан қорғаушылар күні. Бұл маңызды және салтанатты күн. Бұл күні біз аталарымызды, әкелерді, Отанды жаулардан қорғаған, соғыс ардагерлерін, қызмет еткен және қызмет ететіндерді құттықтаймыз. Біз болашақ ұландар - Отан қорғаушыларды да құттықтаймыз. Оларға ең құрмет көрсетіп бағалаймыз.

       Рудный қаласы әкімдігінің «№ 6 балабақшасы» КМҚК « Зарница» атауымен әскери – спорттық ойын өткізілді.

     Балалар бұл мерекені асыға күтті. Ойын басталар алдында команда командирлері командирге есептер тапсырды. Балабақша аумағында ойынның штаб-пәтері, тиісті белгілер жасалды, кезеңдерде сәйкестендіру белгілері қойылып жабдықталды. «Зарница» ойыны ашық аспан астында өтті және әскери-спорттық эстафета түрінде құрылды, мұнда командалар белгілі бір маршрут бойынша қозғалады: «Змейка», ««Пройди через болото и доставь боеприпасы» және «Көпір», сонымен қатар «Госпиталь», «Полевая почта», «Полевая кухня» атты стациялардан өтіп тамашаланды. Тапсырмалар тәрбиеленушілерге ешқандай қиындықсыз орындалуға мүмкіндік берді, олар өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын ескерді. Балалар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады және нағыз сарбаз ботқасынан дәм татуды асыға күтті.

Балабақша ұжым командасының жақсы үйлестірілген жұмысының арқасында «Зарница» ойыны  өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды және  қызықты да, мәнді өтті.