Бауырсақ - бауырсақ
Нендей сен дәмдісін !
Рудный қаласы әкімдігінің «№6балабақша» КМҚК тәрбиеленушілері қазақ халқымыздың ұлттық тағамдарын жаңғырту және дәріптеу мақсатында «Бауырсақ раrty» акциясына белсенді қатысты.
Қазақтың бауырсағы –дәмді және жұмсақ тағамының бірі. Біздің елімізде бірде-бір мерекелік дастарқан ұлттық бауырсақсыз өтпейді!
Бауырсақ- тек қана дәмді жұмсақ тағам емес, ол ежелгі кезеңнен бері күн мен бақыт ретінде бейнеленеді. Сондықтан бауырсақты ең қымбат қонақтар ғана ұсынылады.
Бұл игі дәстүр ұрпақтан - ұрпаққа жетіп, ұзақ жылдарға созыла берсін.