Наурыз мейрамы қарсаңында Рудный қаласы әкімдігінің «№ 6 бақшасында» мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері «Қазақтың ұлттық ойындары» атты қызықты ойын-сауық өткізді.
Қазақтың ұлттық ойындарының тән ерекшелігі - балалардың ақыл-ойын, жылдам ойлау қабілеттерін дамуына мүмкіндіктер ашады. Ашық аспан астындағы ойындар ерік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге әсер етіп, баланы физикалық жағынан шыңдайды. Ұлттық ойындар арқылы адамгершілік-патриоттық сезімдер, достық, ауызбіршілік, өз халқына деген жанашырлық, ұжымда әрекет ету қабілеттерін тәрбиелейді.
Бағдарлама жүргізушісі Алдар-көсе балалармен «Бәйге», «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Орнын тап», «Тақия тастамак» ойындарын ойнады. Мектеп жасына дейінгі балалар ынтымақтастықты, ептілікті, жылдамдықты, күштілікті, кеңістікті бағдарлауды және шапшаңдықты көрсетті. Барлығы жақсы, мерекелік көңіл-күйде өтті. Бұл мереке балалардың есінде ұзақ уақыт сақталады деп сенеміз.у в пространстве и сообразительность. У всех было хорошее, праздничное настроение. И мы надеемся, что этот праздник на долго останется в памяти у детей.
https://ysad6-edu.kz/kz/zhanaly-tar/296-kazakhskie-natsionalnye-igry-2.html#sigFreeId2816920ae5