"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар өткізу туралы хатына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің «№6 балабақшасы» КМҚКтәрбиешілері, тәрбиеленушілері мен  ата-аналары «Цвети, мой край родной!» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.

 

Мақсаты: өз Отанына, халқына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімдерін, достық, өзара түсіністік, туған өлкенің табиғатына қамқорлық пен ұқыптылық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

 

Өткізілген шараға барлық жас топтары белсенді қатысты. «Киіз үй», «Ұлттық киім және әшекейлер», «Ұлттық ыдыс», «Жайлау», «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың Отаны»тақырыптарына түрлі суреттер бейнеленді.

 

Өз шығармашылығы мен жауапкершілікпен  кіші «Балапан» тобының тәрбиешісі Кущий Ирина Николаевна ерекше жұмыс қызметінде белгіленді.  Тәрбиеші жұмыс барысында  балалармен сурет салудың түрлі әдістерін қолданды:классикалық пен классикалық емес техникасын, кляксография, монотипия және  түрлі-түсті жіптер, пластилинография мен кальцеграфия.

 

Шараға өз белсенділігін танытқан қызметкерлерге үлкен рахмет және шығармашылық табыс тілейміз!