"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

2022 жылдың 19 қаңтар күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбежайы КМҚК
Эстетикалық сауаттылық апталығы «Бұл әлем қалай тамаша!» атты Ортаңғы «Достық» тобының балаларымен «Қар жауып тұр» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға –үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Қыс  мезгілінің  ерекшеліктерін  көрсету және  дұрыс сөйлеуге, дәстүрлі емес әдісін қолданып, көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне,  мақта таяқшаларды пайдаланып тіс шеткасымен кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сезіндіру, тазалыққа, ұйымшылдыққа, бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Балалар ұйымдастырылған оқу қызметін ми жұмысын жақсартатын «Құрмет және лайк», «Балға мен шеге» жаттығуларын жасап шықты. Қысты бинесі, ерекшелігі туралы айтылып өтілді.  Қонаққа аққала келіп, жылы жерге кіріп еріп жатқанын айтып, балалар аққалаға үрлеу арқылы суық жел келтіріп дем берді. Балалар аққалаға жауып тұрған шардың суретін салып, аққалаға тарту етті. Аққала балалармен «Қар лақтыру»,  «Қарды жинаймыз» ойынын ойнатып, балаларға ризашылығын білдіріп қоштасып кетті. Балалар  бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысып, көңілдері көтеріңкі болды.