"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

Рудный қаласы әкімдігінің КМҚК «№ 6 бөбекжай-бақшасы» сабақтар өткізілді.

Сабақтың мақсаты логикалық ойлауды, сөйлеуді дамыту, сюжеттік композицияны құру мүмкіндігі болды. Тәрбиеші К.С. Мельникова (ортаңғы топта) «Көктемгі орманға саяхат» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Тәрбиеші О.В. Жирнова (Смешарики тобында) «Журналистер» атты сюжеттік – рөлдік ойындар өткізді. Сабақтың мақсаты тәрбиеленушілердің ой сезімдерін,сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту болып табылды.

Ойын барысында тәрбиеленушілер журналистер, тілшілер, редакторлар, безендірушілер рөлінде болды. Әр тапсырма балаларды қызық сезімге және қызығушылық тудырып қуантты. Тәрбиеші мен ата-аналар, үлкен дайындықпен қарап, алдын-ала жұмыс жүргізді, нәтижесінде балабақша тәрбиеленушісі Абраменко Марк «Алые Паруса» халық шығармашылық үйінің әдіскері Князькова Татьяна Михайловнамен сұхбат жүргізді. Ол балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берді. Балалар ұзақ уақыт сөйлеседі, есте сақтайды және алған әсерлері туралы айтады. Баршаңызға одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!