"Принимаем - с любовью, выпускаем - с гордостью"

 

Наурыз мейрамы қарсаңында Рудный қаласы әкімдігінің  «№ 6 бақшасында» мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері  «Қазақтың ұлттық ойындары» атты қызықты ойын-сауық өткізді.

Қазақтың ұлттық ойындарының тән ерекшелігі - балалардың ақыл-ойын, жылдам ойлау қабілеттерін  дамуына мүмкіндіктер ашады.      Ашық аспан астындағы ойындар ерік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге әсер етіп, баланы физикалық жағынан шыңдайды.  Ұлттық ойындар арқылы адамгершілік-патриоттық сезімдер, достық, ауызбіршілік, өз халқына деген жанашырлық, ұжымда әрекет ету қабілеттерін  тәрбиелейді.

Бағдарлама жүргізушісі Алдар-көсе балалармен «Бәйге», «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Орнын тап», «Тақия тастамак» ойындарын ойнады. Мектеп жасына дейінгі балалар ынтымақтастықты, ептілікті, жылдамдықты, күштілікті, кеңістікті бағдарлауды және шапшаңдықты көрсетті. Барлығы жақсы, мерекелік көңіл-күйде өтті.  Бұл мереке балалардың есінде ұзақ уақыт сақталады деп сенеміз.у в пространстве и сообразительность.  У всех было хорошее,  праздничное настроение. И мы надеемся, что  этот праздник на долго останется в памяти у детей.